Атырау облысында алғашқы сайлаушылар дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барлығы өңірде 265 сайлау учаскесі жұмыс істеуде, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.




Бүгін, 10 қаңтарда сағат 7.00-де сайлау учаскелерінде алғашқы сайлаушылар келді. Барлық сайлау бекеті тиісті санитарлық талаптар мен ережелерді сақтай отырып жұмыстарын бастады. Сайлау учаскелерінің барлық аумағына белгілеу салынды. Санитайзерлер қойылған, кіреберісте дезинфекциялау кілемшелері бар, - делінген хабарламада.


Бетпердесіз келген сайлаушыларға жеке қорғаныс құралдары беріледі. Бақылаушылар қорғаныс әйнегімен қорғалған.


Еске сала кетейік, өңірде 265 сайлау учаскесі ұйымдастырылса, оның 117-сі Атырау қаласында, қалғаны аудандарда жұмыс істеп жатыр. Сайлауға 7 халықаралық бақылаушы қатысуда. Дауыс беру жергілікті уақыт сағат 20.00-де аяқталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы