Атырау облысында АИТВ жұқтырғандар саны артуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында АИТВ жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл туралы брифинг барысында ЖИТС орталығының меңгерушісі Аягөз Әбілғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірде АИТВ жұқтырғандар саны жыл сайын артып келеді. Егер өткен жылы 4 айда АИТВ 12 адамнан анықталған болса, биыл осы мерзімде 27 жағдай тіркелген. Соңғы 30 жылда ЖИТС-тен 13 адам қайтыс болды, 293 адам диспансерлік есепте тұр. 2022 жылы инфекция жұқтырғандардың арасында 11,3% немесе 3 адам инфекцияны есірткі қабылдау кезінде жұқтырған, 51,8% немесе 14 жағдай гетеросексуалдарға, 18,5% немесе 5 жағдай гомосесуалдарға тиесілі. Өзге жағдайларда вирус медициналық емес манипуляция жағдайында жұққан, - деді Аягөз Әбілғазиева.
Оның мәліметтерінше, АИТВ жұқтырғандардың жасы 15-49 аралығында. Басым бөлігі ер адамдар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті
Келесі жаңалық
Cиноптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы