Атырау облысында 71 мемқызметші жоғары лауазымға тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында бірінші жартыжылдықта жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің 67,6 пайызы меритократия қағидатын сақтай отырып, жоғары лауазымдарға тағайындалды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақта мемлекеттік қызметшілердің саны күн сайын артып келеді, соның ішінде жастардың да үлесі зор. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста 29 жасқа дейінгі 421 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды.

«Бүгінгі таңда кәсіби тәжірибесі бар әрбір мемлекеттік қызметші ішкі конкурстар институтының арқасында өзінің мемлекеттік органында ғана емес, сонымен қатар, республика бойынша кез келген басқа жолмен мансабын жоғарлату мүмкіндігіне ие. Өзіңіздің жұмысыңыздың қыр-сырын білу, өз міндеттеріңізді сапалы орындау, үздіксіз білім алу және өзін-өзі дамыту - бұл кәсіби және мансаптық өсу үшін жақсы трамплин», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Расул Медетов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Атырау облысында 3029 мемлекеттік қызметші бар. Оның 1559-ы жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы