19 Қаңтар 2025 2025, 08:21
Фото: скрин
Атырау облысында 6,4 миллион шабақ құтқарылды
Атырауда Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырауда Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17 қаңтардағы жедел мәліметтерге сәйкес, құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллионды құрады.
Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.
Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы. Жағдай ерекше бақылауға алынған, - деп жазылған министрлік хабарламасында.