Атырау облысында 4 750 бала «Pfizer» вакцинасын салдырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 271 222 адам вакцинаның І компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған адамдардың саны – 365 760 адам. Осы кезге дейін вакциналардың І компонентін салдырған адамдардың саны 271 222 адам (74,1%) алған. Ал II компонентін 258 796 (70,7%) ектірген.

Атырау облысында ревакцинациялау тізіміне 215 766 адам енгізілді. Биылғы маусым айына дейін 77 611 (35,97%) адам ревакциналаудан өтті. «Pfizer» вакцинасын алатындардың тізіміне 65 086 адам бар. Қазір аталған вакцинаның I компоненті 15 393 адамға, ал, II компоненті 10 586 адамға егілді. Оның ішінде І компонентті салдырған 406 жүкті, 3 497 бала емізетін әйел, 4 750 бала, 4 504 өзге санаттағы адам бар. Бұл вакцинаның ІІ компонентін 370 жүкті, 3 226 бала емізіп отырған әйел, 4 086 бала, 2 098 өзге адамдар алды. Вакцинаның екі компонетін 3 042 ревакцинация мақсатында салдырды, -деп мәлім етті Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, «Pfizer» вакцинасын кез-келген адам тегін алуына болады. Ауруханаға жатқызылатын науқастардан ПТР-тест пен вакцина куәлігі сұратылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы