Атырау облысында 39 градусқа дейін күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.

Күндіз 20, 21 тамызда Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады.     

Ал Атырау қаласында күндіз 20, 21 тамызда 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз 20 тамызда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 

"Күндіз 20, тәулік бойы 21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Күндіз 20 тамызда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с. 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с күтіледі", - делінген хабарламада.

Петропавл қаласында 20-21 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы