Атырау облысында 33 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында өткен тәулікте 33 адам коронавирус індетімен ауыратыны белгілі болды, деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ Теңіз кенішінен 15 жұмысшыдан, Жылыой-1, Құрманғазы-1, Мақат ауданында 2 адамнан COVID-19 жұқпасы анықталған.
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 42 науқас емделіп шықты.
Қазір 115 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 70 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 19, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 215 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы