Атырау облысында 27 тонна қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Мақат ауданында 27 тонна қоқыс шығарылып, 75 заңсыз үйінді жойылып, 66 саябақ пен сквер ретке келтірілді
Жыл басынан бері Атырау облысы Мақат ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 27 тонна қоқыс шығарылып, 75 қоқыс жиналған орын жойылған. Сонымен бірге 66 саябақ пен сквер ретке келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Мақат ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сенбіліктерге аудан тұрғындары, жастар, волонтерлер, кәсіпорындар мен ұйым қызметкерлері тұрақты қатысады. Бүгінге дейін тазалық жұмыстарына мыңнан аса адам атсалысты.
Айта кетейік, 2025 жылдың маусым айында «Таза Қазақстан” бастамасы аясында «Таза Мақат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Аудан әкімі Азамат Мәмбетов “Таза Қазақстан” акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқанын, жаңа кәсіпорын ауданның көркеюіне, тазалығына, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға үлес қосуға бағытталғанын атап өткен.
Мекеме теңгеріміне беруге арнайы облыстық бюджет есебінен тиісті қаражат бөлініп, 17 қажетті арнайы техникалар сатып алынған.