Атырау облысында 2400-ден астам тұрғын эвакуацияланды
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Жем өзені бойымен еріген сулардың мол келуіне байланысты Атырау облысы Жылыой ауданын Жем өзенінің су деңгейі көтерілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жылыой ауданының Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Құрсай каналы арнасынан шықты.
Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстарына жұмылдырылғандар:
1) Жергілікті атқарушы орган - 110 бірлік техника, 162 адам;
2) ТЖД -1 бірлік техника, жеке құрамның 21 адамы;
3) ІІМ-31 бірлік техника, жеке құрамның 90 адамы;
4) Әскери бөлім - 41433 (ҚР ҚМ) -50 адам;
5) Еріктілер саны - 4540 адам.
Қазіргі уақытта аудан бойынша жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде, 45452 дана қапшыққа құм толтырылып, 174 000 тонна инертті материал төгілді.
500 үй су астында қалып, 2400-ден астам тұрғын эвакуацияланды.
Тұрғындарды эвакуациялау арнайы белгіленген пункттерге жүзеге асырылады. Сондай-ақ Теңіз кен орнының аумағында жатақханалар дайындалуда.
Құлсары қаласын су басу қауп3 болды. Жылыой ауданында дабыл сиренасы іске қосылып, аталған мекен-жайлардан «Батыс тех инвест» мекемесінің автобусы арқылы тұрғындарды 10 эвакуациялау пунктіне көшіруде. Қазіргі уақытта 130 адам, оның ішінде 84 бала эвакуацияланды.
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында бөгеттерді нығайту жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бөгеттерді нығайту жұмыстарына ЖАО, АПБ, әскери бөлім, ТЖД қызметкерлерінен жалпы саны 323 қызметкер, 142 техника; еріктілер және ауыл тұрғындарынан 4540 адам жұмылдырылды.
1 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 1996 дана қап қапталып, 135 418 тонна инертті материал төселді.
Аталған жағдайға байланысты, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 4 сәуірде сағат 21:53-те Атырау қаласының Құлсары қаласындағы станциясынан 5 вагоннан тұратын жолаушылар пойызы тұрғындарды тегін тасымалдауда.
2024 жылғы 5 сәуірде сағат 09:30-дан бастап еріген қар суының салдарынан Атырау облысы «Мұкыр-Құлсары» автожолының 0-136 шақырымында (Мұқыр ауылы - Құлсары қаласы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жылыой ауданындағы су тасқыны жағдайы қатаң бақылауда.
Махамбет ауданында су тасқынын алдын алу жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр.
Су тасқынына дайындық шаралары барысында аймақта жалпы саны 106 техника және ЖАО, ТЖБ, АПБ қызметкерлері, 3500 ауыл тұрғындарымен қатар ерікті жастар Жайық өзенінің жағалауына жақын жерлерде 85 000 дана қап топырақ төселді. Аудан көлемінде қазіргі таңда жағдай тұрақты әрі бақылауда, - делінген Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі таратқан хабарламада.
Махамбет ауданында жаға бекіту, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда.
Атырау облысы Төтенше жағдайдайлар департаментінде қауырт желі жұмыс жасауда.
5 сәуірден бастап Атырау облысындағы су тасқыны жағдайларына байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ» 45-41-47, 45-07-00,45-14-75 нөмірлері бойынша жұмыс жасауда.