Атырау облысында 2 га аумақта қамыс өсімдіктері жанып жатыр

Қазіргі уақытта құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында 2 га алаңда қамыс өсімдіктерінің жануын сөндіру жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрттің жалпы аумағы 830 га құрады, қазіргі уақытта 2 га алаңда қамыс өсімдіктері бықсып жануда.

ТЖМ аваициасымен белсенді түрде су төгу жұмыстары жүргізілуде.

Өрт басталғалы бері барлығы 167 рет шамамен 501 тона су төгу жұмыстары жүргізілді.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайды жер үсті жою бойынша жедел жұмыстарға ТЖД және «Ақжайық» МТР барлығы 85 адамы мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Облыста +35 градусқа дейінгі жоғары ауа температурасы сақталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы