Атырау облысында 18 әлеуметтік жоба жүзеге асуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында 51,7 миллирад теңгені құрайтын 18 әлеуметтік жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы мәслихатының 46 сессиясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаев мәлімдеді.Білім беру бағытында - 9, энергетика бойынша – 4, денсаулық сақтау саласында -3, фото-бейне бақылау және көгалдандыру бағытында бір-бірден әлеуметтік жобалар жүзеге асуда, - деді ол.
Әлеуметтік жобаның басым бөлігін құрайтын білім саласында бірқатар жұмыс жүргізілуде. Осы орайда Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясындағы балабақшалардың жұмысына тоқталды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ақысы мемлекеттік балабақшалар төлемімен теңдей дәрежеде болады. Өйткені, бұл ата-аналардың басты талабы. Ал, қазіргі кезде 14 балабақшаның сенімгерлікке берілетіні туралы мәселе кейінге шегерілді, - деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.
Сессияда қорытынды сөз алған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов депутаттарға бюджетті оңтайландыру қажеттігін және мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы