Атырау облысында 12 тонна мақта өртеніп кетті

Астана, baq.kz. Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, 1 қаңтар күні таңғы сағат 6 мен 7 аралығында Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылының маңындағы Атырау-Астрахань тасжолында DAF маркалы жүк көлігі өртенді. Бұл туралы atpress.kz сайты хабарлайды.

Өрт салдарынан 12 250 кг мақта мен тоқыма жіп өртенді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өртті ауыздықтауға Исатай аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан бес адам және екі техникалық бірлік қатысты. Өрттің шығу себебі анықталуда. Алдын ала ақпарат бойынша, көлік Өзбекстаннан Беларуське бара жатқан.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы