Атырау облысы республика бойынша шетел инвесторларын тартуда көш бастап тұр

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитеті мүшелері Атырауға іссапармен барды. Атырау облысы республика бойынша шетел инвесторларын тартуда көш бастап тұр.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитеті мәліметінше, соңғы бес жыл ішінде елімізге 41 трлн. теңге қаражат кірген. Анығын айтқанда мұнайлы астана шетел инвесторларын тартуды 136 пайызға асыра орындап отыр екен. Мұны бүгін іссапармен комитет мүшелері дөңгелек үстелде басында айтты. Ал аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Президент Қасымжомарт Кемелұлының инвестицияны дамытудағы жүктеген тапсырмаларын орындап жатқанын айтты.



"Елімізде инвестицияны дамытуда "Казахинвест" компаниясы, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыла жұмыс жасап жатыр. Біздің өңірде де осы бағытта арнайы құрылым жасақталды. Өндірісіміз өркендеп, даму үстінде. Бізге мұнай-газ секторынан бөлек, ауыл шауашылығы, мал шаруашылығы сынды кәсіпті дамыту керек. Бүгінгі жиында отандық бизнесті дамытуда жаңа ұсыныстар айтылып, кәсіпкерлерге қолдау болады деп сенеміз", - деді алғашқы сөз кезегін алған Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев.

Дөңгелек үстел басында жаңа заң жобасына бірқатар ұсыныстар айтылды. Өндірісі өркендеген өлкедегі басқосудағы мақсатымыз осы жобаны жүйелі түрде жақсарту дейді сенаторлар.

«Атырау өңірі инвесторлары көп аймақ. Бүгінгі үлкен жиынды осында өткізуіміздің бір мақсаты осыда. Біздің мақсатымыз экономиканы алға жеделдету, шетел инвестициясын тарту. Қай мемлекет инвестиция көбірек тартса, сол мемлекеттің өндірісі, экономикасы қарқынды дамиды. Біз жан-жақты қарап,үкіметпен ақылдасып жатырмыз. Жаңа заңның сапалы болуы үшін бүгін комитетпен келіп жатырмыз. Барлығын тыңдап, қосымша ұсыныс-пікрлер жинап жатырмыз», - дейді ҚР Сенаты депутаты Гұмар Дүйсембаев.


Жиын барысында Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі заңнамалық бастамаларға байланысты Үкіметке, Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныстар айтылды. Олар салық, субцидия тағы басқа көптеген тақырыптарда болды.

«Жаңадан дайындалып жатқан заң жобасы ел экономикасын дамытуға зор үлесін қосады деп сенеміз. Бұл шетелдік инвесторлар тартуға өте тиімді жоба болмақ. Сонымен қатар отандық бизнесті де дамытуға серпін береді. Көршілес елдерде де инвесторлар тартуда тиімді жобалар жүзеге асып жатқанын көріп жатырмыз. Сондықтан жаңа инвесторларды тарту мен бұрынғы компанияларымызды сақтап қалу үшін жаңашылдыққа бет бұруымыз қажет», - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Лариса Джумагалиева

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы