Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлады «Ақ жайық» газеті.
10 қыркүйекте 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталды.Оларды Астанадан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған. Істің егжей-тегжейі әлі хабарланған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Румын елінде Абайдың мүсіні салтанатты түрде ашылды
Өзгелердің жаңалығы