Атырау облысы COVID-19-ға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауға шетелден келген жолаушылардың ешқайсысынан COVID-19 анықталған жоқ, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.  


Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 10-19 қазан аралығында шетелден 5 әуе рейсі ұшып келген. 

Халықаралық әуе рейспен барлығы 523 адам келді. Олардың 64-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылды, - делінген хабарламада.

Алайда, барлық жолаушыдан коронавирус жұқпасына сынама алынып, зерттеу нәтижелері теріс болып, ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы