Атырау облысы аудандарының жеріне өзгерістер енгізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылқоға ауданының 413 мың га жері Мақат ауданына берілмек.  Атырау облысында аудан әкімдері есеп бере бастады. Соның ішінде, Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің сөзінен көршілес Қызылқоға ауданының 413 мың га жері Мақат ауданына берілетіні белгілі болды, деп жазды inbusiness.kz сайты.

Қазір облыстық жер басқармасы ол үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуде екен. Жоспар бойынша аталған жер көлемі алдағы ақпан айында берілуі тиіс.  

Бұл жұмыс біздің шаруаларымызға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Шабындық және жайылымдық жерлердің көбеюі тағы да шаруа қожалықтарын ашуға жол ашпақ. Қазір бізге 15 қожалық қосылғалы отыр, - дейді Шәкір Кейкин.  

Бұдан бөлек, ауданда жүзеге асатын ірі жобаның бірі – Ескене стансасының жанынан газ өңдеу уақытының ашылуы. Ол бойынша, «GPC Investment» ЖШС  еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағытына сәйкес Қашаған кен орнынан жылына қуаттылығы 1 млрд.текше метр газды кешенді дайындап, өңдемек. Жоба құны 1 млрд. 250 млн долларға бағаланған. Құрылысы осы жылы басталып, 2023 жылы аяқталады деп күтіліп отыр. Аудан басшысының айтуынша, зауыт құрылысына үш мыңға тарта адам тартылып, ол іске қосылған кезде 450 адамды тұрақты жұмысқа орналастырылмақ.  

Айтқандай, Мақат ауданындағы «сақалды құрылыс» саналып келген нысандар ақыры пайдалануға берілді. Әрқайсысының көлемі 3 мың текше метр болатын екі су қазандығы 2008 жылы салынған болатын. Қазір олар күрделі жөндеуден өтіп, көпшіліктің игілігіне жарап жатыр. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы