Атырау облысы. Апатты учаскеде үш деңгейлі бөгет салынып жатыр
Индер кентінде тасқын су шыққан жерде жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін кенттің бір бөлігі электр қуатынан ажыратылған, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.
Қазіргі уақытта су ктеу салдарын жою мақсатында Жайық өзеніне су айдау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, апатты учаскенің айналасында үш деңгейлі бөгет салынуда, жағдай бақылауда, - деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.
Аудан басшысының айтуынша, Индербор ауылының бір бөлігі уақытша жарықсыз қалады. Сондай-ақ, резервтік бөгет салу жұмыстары жүргізілуде.
Оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов бар. Ауданның арнайы техникасы жұмылдырылып, облыс орталығынан қосымша техника тартылды.
ТЖМ-ның мәліметінше, түнде қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта ауылды су басу қаупі жоқ.
Айта кетсек, өткен тәулікте "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша Индер ауданындағы сағат 09-00 жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 5 см көтеріліп, 1038 см.
Еске салсақ, Атыраудағы Индербор кентінде жерасты құбырынан су кеткені туралы жазған болатынбыз.