Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 11 жылға сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының экс-басшысы Тимур Басаровтың ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Оларға аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенді деген айып тағылған еді. Бұл туралы «Ақ жайық» газетінде жарияланды.

Бүгін сотта бірінші болып прокуратура өкілі сөз сөйледі. Прокурордың айтуынша, екеуі де қоғамнан оқшаулануы керек. Сондай-ақ прокурор соттан оларды өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Таубаевқа 11 жылға, Басаровқа 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау керектігін айтты.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының экс-басшысы Тимур Басаров 2020 жылдың қыркүйек айында ұсталды. Олар бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде 185 млн теңге сомасында пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы