Атырау облысы әкімінің екі орынбасары қызметтерінен айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз орталығы облыс әкімі орынбасарларының штаттық орындары қысқартылды деп хабарлады.
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы Мемлекет басшысының 2022 жылының 16-наурызындағы Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны 2 адамға қысқартылды, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары С.Айдарбеков пен Н.Таушовтың штаттық орны қысқартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алаяқтық жасаған жалған генерал 7 жылға сотталды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы