Атырау мұнай өңдеу зауытының құбырындағы ақау жөнделді

Атырау мұнай өңдеу зауытында автобензин айдауға арналған жерасты құбырының ақаулы бөлігі толығымен қалпына келтіріліп, отынның ағып кетуі жойылды. Бұл туралы BAQ.KZ зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін №33 резервуар паркіне тауарлық бензин компоненттерін айдау желісінде зақымдану анықталған болатын. Жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шараларын қабылдады. Төгілген мұнай өнімі сорылып, өңдеуге жіберілді.

Оқиғаның себептері мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін хабарланады. «АМӨЗ» ЖШС жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және жөнелту процесі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы