Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов қайтыс болды

Атырау мұнай өңдеу зауытының (АНӨЗ) бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына үлкен үлес қосқан, алайда 2024 жылы тағылған айыптан 2025 жылы толық ақталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұрат Досмұратов бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған, сондай-ақ «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де мұнай өңдеу және мұнай-химия бойынша директор қызметін атқарған. Ол Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына елеулі үлес қосты.

KAZENERGY қауымдастығы марқұмның отбасы мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтты. Ұйым оның кәсіби біліктілігін және өз ісіне адалдығын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қараша айында Мұрат Досмұратовқа қызметтік өкілетін тиісінше орындамады деген айып тағылған еді. Алайда 2025 жылдың тамызында сот оны кінәсіз деп таныды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы