Атырау мұнай өңдеу зауытында түтіндеу болды

Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі технологиялық режимнің бұзылуына байланысты түтіндеу орын алғанын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ «АтырауМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау МӨЗ» ЖШС мәліметінше, жанармай газына сұйықтықтың түсуі салдарынан баяу кокстеу қондырғысындағы П-2 пешінің жану режимінің бұзылу фактісі тіркелді.

Сағат 10:32-де қысқа мерзімді түтіндеу орын алып, 10:47-де түтін толықтай сөндірілді. Аталған оқиғамен қатар сағат 10:40 және 11:10-да АО "KEGOK" тарапынан электр энергиясы кернеуінің төмендетілуіне байланысты ароматты көмірсутектерді өндіру және гидрогенизациялық процестер өндірісі технологиялық қондырғыларындағы динамикалық жабдықтардың бір бөлігі тоқтатылып, қайта іске қосылды, - деп хабарлады ."Атырау МӨЗ" ЖШС баспасөз қызметі.

Зауыт басшылығы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Айта кетейік, бүгін Атырауды түтін басты. Бұған Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың өртенуі себеп болды. Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы өрт алаңы 89 гектарды құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы