Атырау МӨЗ-інде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады, объектілер толық тоқтатылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын-ала жөндеу жүргізілетін болады, - делінген Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.

АМӨЗ-дің артықшылығы мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы