Атырау МӨЗ электрмен жабдықтау қалпына келді
Атырау мұнай өңдеу зауытына электр қуатын беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.
Технологиялық регламенттер мен арнайы нұсқауларға сәйкес пайдаланушы персонал алаңнан тыс нысандарды кезең-кезеңмен іске қосуды және энергия ресурстарын жеткізуді бастады. Атырау мұнай өңдеу зауытының негізгі және қосалқы нысандарының технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (АТӨЖ) тексеру және баптау жалғасып жатыр, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.
Мұнайды терең өңдеу (R2R каталитикалық крекинг) және хош иісті өнімдерді өндіру (CCR және ParamaX каталитикалық риформинг) кешенінің негізгі объектілерін, негізгі және қосалқы жабдықтар мен құбырлар, катализаторлар, технологиялық процестерді басқару жүйелері мен аспаптарын мұқият тексеріліп, дайын болғаннан кейін ғана мүмкін болады.
Жағдай Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығының тұрақты бақылауында.
Бұған дейін ел президенті Атырау мен Маңғыстаудағы жағдайды ұдайы бақылап отырғандығын жазғанбыз.