Атырау мен Доссор таксистері құлсарылықтарды тегін тасымалдауда

Атырауға су тасқынынан зардап шегіп, баспанасыз қалған Құлсары қаласының тұрғындары келіп жатыр. Оларға жергілікті тұрғындар тегін көмек көрсетуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Теміржол вокзалында Құлсарадан келгендерді волонтерлар, көмек көрсетуге ерік білдірген адамдар қарсы алды.

Құлсарыдан келген 590-дай адамды Мақат ауданының еріктілері теміржолдан күтіп алып, Атырау, Доссор елдімекендеріне тегін жеткізіп жатқаны хабарланды. Атырау мен Доссордан да келген таксистер құлсарылықтарды тегін әкетіп жатыр.

Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды. Қазір Жем өзенінің деңгейін түсіру үшін Құлсары қаласының ішімен өтетін Құрсай каналының арнасын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарға мемлекеттің тарапынан міндетті түрде шығындары өтеліп, көмек көрсетілетін болады, - деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы