13 Қаңтар 2025 2025, 23:36
Фото: скрин
Атырау мен БҚО трассаларында жол-көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына баланысты Атырау мен Батыс Қазақстан облысындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының қолайсыздығына баланысты Атырау мен Батыс Қазақстан облысындағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше, 13 қаңтар сағат 22:30-дан бастап Батыс Қазақстан облысында "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасындағы (Сырым ө/п)" автожолының 195-248 шақырым аралығында (ГАИ постынан РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Аталған жол учаскесін 14 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Атырау облысындағы "Атырау-Орал" автожолының 14-189 шақырым аралығында (Алмалы ауылынан Индер ауданына дейін) 13 қаңтар сағат 21:15-дан бастап көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл жол 14 қаңтар сағат 00:00-де ашыады деп күтілуде.
Жолдарға қатысты қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы алуға болады.