17 Мамыр 2024 2024, 08:21
Фото: видеодан кадр
Атырау: Махамбетте медициналық көмек пункті дайындалды
Атырау облысы Махамбетте тасқын кезінде жедел бригадалар мен медициналық көмек пункті қызмет көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы Махамбетте тасқын кезінде жедел бригадалар мен медициналық көмек пункті қызмет көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Махамбет аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Сержан Сандыбаевтың хабарлауынша, осы мақсатта орталық аурухана 50 төсек орын дайындап отыр.
Бұл туралы облыстық ТЖ жөніндегі жедел штаб мәлімдеді.
Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған аурухана базасындағы 50 орындық пункт негізінен төсек тартып жатқан ауыр науқастарды күтімге алып, дәргерлік көмек көрсетуге арналған, - деді спикер Сержан Сандыбаев.
Бұдан бөлек, тасқын кезінде шұғыл медициналық көмек көрсететін екі жедел топ бригадасы жасақталып тұр. Білікті дәрігер мамандардан құралған жедел бригадалар су тасқыны болған аумақтарда медициналық қызмет көрсететін болады.