Атырау: Махамбет ауданында 40 бекетте тәулік бойына кезекшілік қойылды

Қазіргі уақытта Атырау облысы Махамбет ауылында белгіленген 27 бекетте түнгі кезекшілер бөгеттерді бақылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, әр 300 метр сайын орналасқан бекеттерде кемі үш кезекшіден еңбек етуде.

Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен, осындай кезекшіліктер Талдыкөл ауылында 500 метр сайын 5 бекетте, Сарайшық ауылында 200 метр сайын 8 бекетте ұйымдастырылуда.

Еске сала кетсек, 14 мамыр 20.00 сағаттағы мәлімет бойынша, Махамбет ауданындағы су деңгейі 984 сантиметрге жетті.

Сондай-ақ Индерде кірме жолды су шаюына байланысты қайық тасымалы іске қосылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы