Атырау-Құрманғазы бағытындағы пойыз іске қосылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Оның айтуынша, аталған мәселе 25 мауысымда Мәслихат сессиясында шешіледі.

Бұл рейстің Құрманғазы ауданы тұрғындары үшін маңызы зор. Өйткені ол облыс орталығынан 250 км қашықтықта орналасқан. Атырау-Астрахань жолында әлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз өзіміз де сол жолмен жүреміз. Өтке қауіпті участок екенін білеміз. Атырау-Құрманғазы аралығында темір жол қатынасын жандандыру бойынша «Жолаушылар тасымалы» компаниясен келіссөздер жүргіздік. Бір пойызды іске қосып көрдік. Кестесін жасап, жолаушылар саны мен тоқтайтын станцияларды анықталды. Қазір екі жалпы және бір плацкарт вагоны бар бір пойызды іске қосу жоспарда, - деді ол. 

Аймақ басшысының айтуынша, ол осы бағыттағы пойыздың іске қосылуы туралы қаулыға қол қойды.

Осы айдың 25 күні Мәслихат сессиясы өтеді. Бұл мәселе сол жерде қаралып, шешіледі. Егер ол қолау тапса, жуық арада осы бағыт бойынша темір жол қатынасы жанданатын болады, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы