20 Мамыр 2024 2024, 19:26 Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау – Индер трассасында уақытша жол жабылады

20 мамырдан 21 мамырға қараған түні түнгі сағат 00.00 – 06.00-ге дейін су өткізгіш құбырлар салу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Тасқын судың автотрассаны толықтай шайып кетуін болдырмау мақсатында атқарылатын жұмысқа 15 маман, 15 техника жұмылдырылады.

Автожүргізушілер үшін балама жол "Атырау - Хамит Ерғалиев - Махамбет" бағытында ашық, - делінген ақпаратта.