"Атырау - Индер" трассасында қосымша 6 су өткізгіш құбыр салынып жатыр

"Атырау - Индер" бағытындағы трассада қосымша 6 су өткізгіш құбыр салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұхамбетәлиевтің айтуынша, тасқын судың көп келуіне байланысты, тағы 6 су өткізгіш құбыр салынуда. 

Жұмыс 24-30 сағатқа жоспарланды. 25 адам, 40 техника жұмылдырылуда. Стратегиялық жол болғандықтан, жұмыстарды, бүгін, яғни, 23 мамыр сағат түнгі 00.00-ге дейін аяқтау жоспарда, - деді спикер.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Атырау - Индер" бағытындағы трассасында 24 шақырымына 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы