«Атырау – Индер» тас жолының 27 шақырымында жол ашылды

«Атырау – Индер» тас жолының 27 шақырымында жол ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел қалпына келтіру жұмыстарынан соң пайдалануға қайта берілген жолмен әзірге жеңіл көліктер ғана жүре алады.

Еске сала кетсек, 17 мамыр күні "Атырау - Индер" тас жолының 27 шақырымында Талдыкөл ауылын газбен қамтамасыз етіп тұрған құбырының айналасына өр суы таралып, салдарынан топырақ пен трасса опырылып кеткен болатын.

Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары қазіргі уақытта жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Жөндеу жұмыстарына 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы