25 Мамыр 2024 2024, 00:28
Фото: -архив
Атырау-Индер автожолында көлік қозғалысының бағыты өзгерді
"Атырау-Индер" автожолының 16-17 шақырымындағы (Жаңа сұңқар арнасы) облыстық маңыздағы көпірдің тірегі ішінара отырғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
"Атырау-Индер" автожолының 16-17 шақырымындағы (Жаңа сұңқар арнасы) облыстық маңыздағы көпірдің тірегі ішінара отырғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Сол себепті көлік қозғалысы Атырау-Хамит Ерғалиев-Махамбет-Индер бағыты бойынша көрсетілген сызбаға сәйкес жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.
Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік орнатылды.