19 Наурыз 2023 2023, 03:35 Фото: Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Атырау автопаркіне 10 жаңа автобус берілді

Атыраудағы «Algabus» автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Атыраудағы «Algabus» автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, «Yutong» маркалы жаңа автобустар (Қытай) №10 және №20 маршруттарында қатынайтын болады. Жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы көтергіш құралы орнатылған. 20 орындық және тұрып тұруға 30 орын бар, GPS, салқындатқышпен, бейнебақылаумен жабдықталған.

Айта кетейік, көлік Еуро-5 стандарттарына сәйкес экологиялық таза дизель отынымен жүреді.