Атырау ауруханаларына медициналық 40 көлік берілді
Атырау облысының ауруханаларына медициналық 40 көлік сатып алынып берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, жергілікті бюджеттің қаржысына HAVAL Н6 және HAVAL M6 маркалы көліктері сатып алынған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен өңірдегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмысы жүйеленді. Соның бір мысалы — емханаларға замануи көліктердің сатып алынғаны. Биыл 7 медициналық нысан бой көтерді. Оның ішінде шалғайда орналасқан 3 ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, қолданысқа берілді. Қазір 15 елді мекенде дәрігерлік амбулатория салынып жаты», -деді Серік Шәпкенов.
Әкімінің айтуына қарағанда, алыс аудандардағы медицина мекемелерін қажетті жабдықтармен қамту жоспарланған.
Жылыой ауданының орталығы — Құлсары қаласындағы орталық ауруханаға МРТ аппараты орнатылды. Осындай диагностикалық құрылғыны Құрманғазы және Индер ауданындағы ауруханаларға да орнатуды көздеп отырмыз. Осындай жұмыстармен бірге дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп, баспанамен қамту мәселесі қолға алынды, деді Серік Шәпкенов.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Жақсылық Жанұзақовтың мәліметіне сүйенсек, былтыр жергілікті бюджет есебінен 40 санитарлық «Соболь» көліктері алынған.
Енді 15 жаңа көлік аудандардағы ауруханалар мен ауылдық амбулаториялық пунктерге беріледі.
Ал, 25 көлік Атырау қаласындағы емханалар мен психикалық денсаулық орталығына, Дамбы дәрігерлік амбулаториясына тапсырылды.