Атырау әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті
Атырау әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Оқиғаға қатысты әуекомпаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқыс оқиға Атырау әуежайында болған. Бортында 166 жолаушы мен экипаж мүшелері бар FlyArystan ұшағы әуежайға қону кезінде ұшу-қону жолағының шегінен шығып кеткен.
2026 жылғы 14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі әуе кемесі Алматы – Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсінің қонуын сәтті аяқтап, ұшу-қону жолағын босатқаннан кейін, тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен. Әуе кемесінің бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Әуе компаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зертеуде, - деп хабарлады FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі.