Атырау-Астрахань тас жолының 9 шақырымында қозғалыс ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» күре жолының жалпы ұзындығы 277 шақырым.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде оның 217 шақырымында ауқымды жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Биылға жылдың 5 маусымында аталмыш трассаның 9 шақырымында (4 учаске) қозғалыс ашылды. Бұл 833-824 шақырымдары аралығы. Бүгінде жолдың 69 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілді. Жақын арада тағы 25 шақырым жолды ашу жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жол-құрылыс маусымында «Атырау–Астрахань» тас жолының басым бөлігінде қозғалыс ашу жоспарланып отыр. Жол жұмысшылары мен арнайы техника тапшылығы жоқ. Бүгінгі күні құрылыс материалдары толық көлемде жеткізіліп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы