Атырау-Астрахань тас жолы жыл аяғына дейін пайдалануға  беріледі

"Атырау-Астрахань" халықаралық тас жолы жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шұрқ-тесік жатқан трассада жол-көлік оқиғасы жиі болып, тұрғындар тіпті «ажал жолы» деп атап кеткен. Енді жол азабы артта қалып, сапалы жол халық игілігіне жарамақ. Құрылыс сапасы бес деңгейлі бақылаудан өткен. Бұл туралы «Сапа керуені» пресс-турында айтылды.

Ақтөбе –Қандыағаш арасындағы жолдан тұрғындар көп жылдар бойы азапты тартудай-ақ тартып келді. Жолдың нашарлығынан сағаттап жүретін. Көліктің де түгі қалмайтын. Бүгінде көлік қозғалысы үшін ашылған жолдың бір бөлігінің игілін Алға, Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандары халқы көріп отыр.

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Ақтөбе облысындағы бөлігі- 326 шаршы метр. Оның 96 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Енді 75,5 шақырымы бірінші санаттағы жол болып есептеледі. Жолдың екі жолағы 9 метрге дейін кеңейтілген.

Ақтөбе-Атырау –Астрахан жолының реконструкциясы 4-5 жыл бұрын басталды. Жалпы дәліздің ұзындығы 884 шақырымды құраса, оның 732 шақырымы реконструкция жұмыстарымен қамтылды. Қазіргі кезде толықтай осы дәліздің бойымен жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды. Жылдың соңына дейін мына 96 шақырымды құрайтын Ақтөбе-Қандыағашты пайдалануға береміз, - дейді ҚР Көлік министрлігі комитетінің басқарма басшысы Нұртілек Хасенов.

Жалпы ұзындығы 277 шақырым Атырау-Астрахань жолы Атырау қаласы мен үш ауданның 12 елдімекенін Ресей шекарасымен байланыстырады. Тразиттік әлеуеті зор жоба құрылыс материалының қымбаттауынан, теміржол вагоны жетіспеушілігінен біраз тұралаған еді.

Басына қиыншылықтар вагон бойынша болды, Ақтөбеден алдық шебень. Соңғы участок 250 мың тонна асфальт салдық. Бір зауытымыз болды. Жылпы 120 техника, 300 адаммен сол жұмысты бітірдік, - дейді мердігер мекеме өкілі Ахмет Мудуроглы.

Сапа орталығы құрылыс басталғалы 500 -ге жуық тексеріс ұйымдастырып, екі мыңдай құрылыс материалы мен сынама алған.

Жұмыс барысында жалпы айтқада, 9 пайызға дейін кейбір материалдар, төсемдердің жеке учаскелері, сәйкес келмейтін болған техникалық талаптарға. Бірақ мердігер өз есебінен бұзушылықтары қалпына келтіріп, бүгінгі күнде жол сапасы талаптарға сәйкес келеді, - дейді Жол активтері ұлттық сапа орталығы бас директоры Болатбек Айтбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы