Атырау: Ақжар ауылында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар мен еріктілер екі ауысымда Жайық өзенінің су деңгейін бақылайды және су басудың алдын алу шараларын қолдануда.

Ақжар ауылында кезекшілік екі ауысымда жүргізіледі. Қазіргі уақытта су қорғаныс бөгеттері мен бекіністеріне әлі жеткен жоқ. Сол жерде орта мектеп мұғалімдері ауысыммен кезекшілік етуде.

Облыста ТЖ жарияланғалы бері жағалауды нығайту жұмыстарына С. Датов атындағы мектеп қызметкерлері ерікті түрде қатысуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы