3 Желтоқсан 2023 2023, 01:33
Фото: архив
Атырау – Ақтөбе тасжолында үш адам қаза тапты
Атырау – Ақтөбе тасжолында жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Атырау – Ақтөбе тасжолында жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Жол апаты 30 қарашада сағат 22:45 шамасында Ақтөбе - Атырау - Астрахань жолының 424-шақырымында болған. Атырау облысы полиция департаменті өкілдері мәліметінше, Lada 2114 IVECO жүк көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан 57 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр.