Атырау қаласы мен Мақат ауданында уақытша ауыз су болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау мен Мақат ауданында ауыз су болмайды, деп хабарлайды "Атырау Су Арнасы" баспасөз қызметінен.
"Атырау облысы Су Арнасы" МКК өз абоненттеріне 11 наурыз 23.00-ден 12 наурыз 10.00-ге дейін Атырау қаласында және Мақат ауданында ауыз су беру уақытша тоқтатылатындығын хабарлайды.
Бұл Контейнерная көшесінде D630 магистральдық су құбырындағы апаттық аймақты ауыстыру жұмыстарына байланысты. Сондай-ақ су тазарту қондырғысындағы клапанды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады , - деп хабарлады "Атырау Су Арнасы" баспасөз қызметінен.
Сонымен бірге, I санаттағы сумен жабдықтау жүйесі құбырларындағы апатты жоюдың болжамды уақыты 30 сағатты алатыны айтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде көпбалалы отбасыларға әлеуметтік карта берілді
Өзгелердің жаңалығы