Атырау қаласы ұлғаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласының аумағына Алмалы және Береке  ауылдық округтері қосылады. Нәтижесінде облыс орталығының аумағы 7,145 гектарға ұлғаяды. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек Құмаровтың айтуынша, қазіргі кезде бұл екі ауылдық округте 8 мыңға жуық адам тұрады.

"Бұған дейін Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 44 қаулысымен Геолог ауылдық округін қалаға қосу туралы қаулы шыққан болатын.  Махамбет ауданына қарасты елді мекендердің  облыс орталығына қосылуына байланысты қала аумағы 45 871 гектарды құрайды", - деді Наурызбек Құмаров.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы