Атыраудағы атыс: Бір адам ауруханада көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 36 жастағы ер адам ауруханада көз жұмған.
30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 331 шақырымында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында төбелес болды. Бес адам жарақат алып, біреуі қолын сындырған. Салдарынан 1985 жылы туған азамат Сағыз ауылындағы амбулаториялық ауруханада көз жұмды, - деді Атырау облысы ПД.
Қазіргі уақытта оқиға орнына өңірдің ПД тергеу-жедел тобы жұмылдырылды. Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Болжам бойынша, оқиғаның себебі ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушілік болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус. 152 пациенттің жағдайы өте ауыр
Өзгелердің жаңалығы