Атырау әкімі Шәкір Кейкин қызметінен кетті
Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті.
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин өз еркімен қызметінен кетті. Оны Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау қаласының әкімі лауазымын үш жылдан аса атқарған Шәкір Кейкин қызметінен өз еркімен кету туралы шешім қабылдаған.
Шәкір Кейкин – мемлекеттік қызметтегі жұмысын 2008 жылы Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылының әкімі болып бастаған.
Кейін Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, әкімі Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, мұнайлы шаһар әкімінің орынбасары болған.
Бұдан соң Мақат ауданының әкімі, Сауда және интеграция министрлігі сауда департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Ал 2023 жылдың 10 шілдесінен бастап Атырау қаласының әкімі қызметіне тағайындалған.