Атырау әкімі қаржы толық бөлінген жағдайда облыстың қандай нәтижеге қол жеткізетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы кешенді жоспар аясында жоспарланған бюджет қаражаты толықтай бөлінген жағдайда 2025 жылдың соңына қарай қандай нәтижелерге қол жеткізеді?

Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Махамбет Досмұхамбетов өз баяндамасында айтты.

Өңірдің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 11% - ға немесе 96 млрд теңгеге дейін ұлғайту. Сондай-ақ шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін субъектілер санын 5 мың бірлікке, яғни, 55 мың бірлікке көбейту, жалпы өңірлік өнімдегі бизнестің үлесін 25,2% - ға дейін жеткізіледі, -деді ол.

Сонымен қатар әкімнің атап өтуінше, Атырау қаласындағы сарқынды суларды тазартумен қамтуды 90% - ға дейін жеткізу мен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 95% - ға дейін арттыру көзделген.

Жаңа жобалар бойынша негізгі капиталға қосымша 8,3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл ретте атап өтетін маңызды мәселе - Кешенді жоспар шеңберінде жасалған инвестициялардан негізгі қайтарым 10-15 жыл ішінде болады, өйткені олар ұзақ мерзімді сипатқа ие. Іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде құрылатын 40 мың жаңа жұмыс орны еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтап және азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, -деді М. Досмұхамбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы