Атырау әкімі отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы отставкаға кеткенін өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Құрметті атыраулықтар! Бүгіннен бастап мен өз еркіммен қала әкімі лауазымын босатып жатырмын.

Қызметімде қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, қала тынысы үшін сіздерсіз көптеген оңды өзгерістер жүзеге аспас еді. Сіздерге алғыс білдіремін. Қала өміріне белсенді қатысуға дайын екеніңіз үшін шын жүректен ризамын. Қызметімізде біз әрқашан халықтың мүдделері мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық.

Мен қаламыздың үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін шын жүректен қуанамын! Барлығы үшін рахмет!, - деп жазды Әлимұхаммед Құттұмұратұлы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

 
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында Атырау қаласы әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы әріптестеріне ризашылығын білдіріп өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Өз кезегінде әріптестері өз жылы лебіздерін айтып, сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Әлимұхаммед Құттұмұратұлы Атырау қаласының әкімі лауазымын 2018 жылдың 28 маусым айынан бастап атқарып келген болатын. Қала әкімі өз еркімен қызметін тоқтатуына байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін қала әкімінің орынбасары Бауыржанұлы Ринат Жанғылышов атқаратын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы