Атырауға Астраханнан дәрігерлер көмекке келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау Астраханнан келетін дәрігерлерді күтіп алуға дайын, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың сөзінше, Атырау облысында медициналық мамандардың жетіспейтіні жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселе. Коронавирус пандемиясы кезінде бұл мәселе тіпті күшейген.Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен аптада Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен медицина қызметкерін алдырту туралы келісімге келген болатын. Олардың жалақысы, жатын орны, тамақпен қамтамасыз етілуі, жүріп-тұру мәселелері толық шешілген, күтіп отырмыз, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.Оның сөзінше, астрахандық дәрігерлермен күнделікті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар да дайын. Тек Ресей Федерациясы Үкіметінің арнайы бұйрығы шығуы керек.
Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға алты ресейлік дәрігер келген болатын. Сонымен қатар, биыл өңірге оқу бітіретін жүзден астам медициналық қызметкерлерді тарту мәселесі шешілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы