Бүгiн 2026, 07:26 Фото: pixabay

Ату, ток, газ: АҚШ өлім жазасының баламаларын кеңейтпек

Қазіргі таңда АҚШ-тың 27 штатында және федералдық деңгейде өлім жазасына рұқсат берілген.

АҚШ билігі өлім жазасын орындау тәсілдерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Дәстүрлі инъекциядан бөлек, енді ату, электрлік орындық және газбен тұншықтыру әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл тәсілдер кейбір штаттардың заңнамасында бұрыннан бар.

Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ Әділет министрлігі Түрмелер бюросына өлім жазасын орындау хаттамасын жаңартуды тапсырған. Құжатта бұл өзгерістер инъекциялық препараттар жетіспеген жағдайда да заңды жазаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні айтылған.

Ұсынылған әдістердің қатарында бұрыннан қолданылған ату мен электрлік орындық, сондай-ақ жаңа тәсіл – газбен тұншықтыру бар. Бұл әдіс алғаш рет 2024 жылы Алабама штатында қолданылған.

Президент Дональд Трамп екінші мерзімінің басында федералдық деңгейде өлім жазасын қайта жандандыруға уәде берген. Оның алғашқы президенттік кезеңінде (2021 жылға дейін) 20 жылдық үзілістен кейін 13 федералдық сотталушы өлім жазасына кесілген. Кейін Джо Байден федералдық өлім жазасына мораторий енгізген.

Қазіргі таңда АҚШ-тың 27 штатында және федералдық деңгейде өлім жазасына рұқсат берілген.