Ату спорты еліміздің барлық өңірінде дамымаған – аға жаттықтырушы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистер ату спортының даму қарқыны қалай жүзеге асырылып жатқандығын сұрады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл сұраққа «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК аға жаттықтырушысы жауап берді.

Өкінішке қарай, еліміздің барлық өңірінде ату спорты қарқынды дамымаған. Бұл спорттың өркендеуіне кедергі келтіріп отыр. Дегенмен бізді қуантатыны - Олимпиада қалашығының салынып, спортшыларға берілуі. Ол жерде ашық аспан астында оқ атып үйренуге мүмкіндік береді. Осыдан кейін спортшыларымыз жарыстарда жүлделі орын алмақ. Әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарындағы ережелерді орындауға мүмкіндік береді. Олимпиада қалашығындағы құрал- жабдықтар әлемдік стандарттарға сай деп айта аламыз,- деді «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК аға жаттықтырушысы Геннадий Романович⁠.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы