Қатты дауыл 160-тан астам ғимараттың шатырын қиратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің үш облысында дауыл салдарынан 160-тан аста ғимарат зардап шекті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жедел штабының өкілі Любовь Абланова айтты.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының 2 қаласы мен 22 ауданында екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен қатты дауылдың салдарынан 160-тан астам ғимарат пен құрылыстың шатыры қирады. Сондай-ақ Ақмола және Қостанай облыстарының 9 ауданында электр желілері зақымданған. Зақымдалған нысандар мен материалдық шығындардың көлемі қазіргі таңда анықталып жатыр, - дейді ол.
Сонымен қатар ол Ақмола облысының Бурабай ауданында қатты дауылдан бір адам қаза болғанын еске салды.
Бүгінгі күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 12 республикалық және Қостанай облысында 20 облыстық маңызы бар автожол жабылды. Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар комитеті мен өңірлердегі жедел штабтың жұмысы жалғасып жатыр, - дейді Любовь Абланова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оңтүстікте ауа райы күрт бұзылады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы